SocialБасты

Алматы облысында жер сілкінді

Зілзала ошағы Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін, 6 мамырда сағат 9.12-де Алматы облысында жер сілкінгенін хабарлады. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығыс бағытта 194 км қашықтықта, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.

«ҚР ТЖМ «СБЗҰҒҰ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 6 мамырда Алматы уақытымен 09 сағат 12 мин 44 сек жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай Қазақстан мен Қырғыстан шекарасында 194 км жерде орналасқан. Сезілетіндігі туралы мәліметтер: Алматы облысының Кеген ауданының Кеген ауылында 2 балл. Зардап шеккендер мен қираулар жоқ», – делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button