Social

15 наурыз – Қайырымдылық күні

Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурызды атап өтудің жаңа тұжырымдамасына сәйкес, биыл елімізде «Наурызнама» онкүндігі жарияланды.  Осыған орай, 14-23 наурыз аралығында әр күн белгілі бір тақырыпқа арналып, ерекше атап өту қарастырылған. Амал мейрамынан бастау алған мерекелік онкүндіктің екінші күні – Қайырымдылық күнімен жалғасты.

Жалпы Наурыз мейрамы қарсаңында республика бойынша 400-ге жуық іс-шара жоспарланған. Соның бірі – Қайырымдылық күні Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Тіл жанашыры» акциясы.

Жалпы қайырымдылық күні – игі істер дәстүрін қалыптастыруға ықпал етеді. Ал қазақ тілінің қоғам арасында деңгейін көтеру – мемлекет пен ұлт алдындағы ең қайырымы мол қызмет.

«Тіл жанашыры» акциясының мақсаты – мемлекеттік тіліміздің қолданыс аясын кеңейтуге ат салысып, қазақ тілін оқыту орталықтарында қызмет ететін тіл мамандарына лайықты құрмет көрсету және қоғамдық маңызы бар еңбектері үшін алғыс айту.

Мерекелік акцияның аясында 60-тан аса тіл жанашырына Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының атынан құттықтау хат пен арнайы сыйлықтар табысталды.

Өз кезегінде тіл мамандары да қазақстандықтарды әз-Наурыз мейрамымен құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button