Social

Шедеврум, Ойындар және Журнал: yandex.kz басты бетінде жаңа қызметтер пайда болды

yandex.kz-те енді Сіз сұраққа жауап тауып қана қоймай, нейрожелі салған суреттерді көріп, оқып және ойын ойнап көңіл көтере аласыз. Яндекстің басты бетінде Ойындар, Шедеврум және Журнал бөлімдері пайда болды. Олардың кез-келгеніне бір шертумен өтуге болады.

Шедеврумнің қосымша бетінде пайдаланушылар YandexART нейрожелісі жасаған суреттер мен анимацияларды көретін болады. Кез-келген адам кескін немесе бейне жасай алады – Шедеврум қосымшасына кіріп, не алғыңыз келетінін сөзбен сипаттау жеткілікті. Пайдаланушылар өз туындыларын жариялай алады, бір-біріне жазылып, лүпіл басып, түсініктемелерде пікірталас жүргізе алады.

Жақында Шедеврумде кескінді сәндеуге мүмкіндік беретін «Фильтрум» пайда болды — мысалы, оны мультфильм немесе қыжым ойыншыққа ұқсату.

Журнал – бұл Қазақстанда танымал ойын-сауық сайттарында жарияланған материалдар желісі. Бұл жерден сіз сұлулықтан бастап ғылыми жаңалықтарға дейін, әртүрлі тақырыптар бойынша қызықты оқиғаларды таба аласыз. Желі автоматты түрде пайдаланушының қызығушылығына қарай бейімделеді. Оны қаншалықты жиі оқып, лүпіл басатын болса, алгоритмдер оған материалдарды дәлірек таңдап береді.

Сондай-ақ, басты беттен тегін онлайн ойындарға өтуге болады. Олардың арасында кез-келген талғамға арналған ойындар бар: мысалы, ойжұмбақтар, серуендар, жарыстар және симуляторлар. Сізге ештеңе жүктеудің қажеті жоқ – ұялы телефоннан немесе компьютерден ойнауға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button