Басты

Елімізде Корона такси қызметі пайда болуы мүмкін

Елде эпид жағдайдың ушығуы байланысты  жедел жәрдем қызметіне сұраныс артқан. Орташа есеппен пандемия басталғалы бері шақырту көлемі 1,8 есе, ал Нұр-Cұлтан, Алматы сияқты ірі қалаларда 2, 2,5 есе өскен.

Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баспасөз мәслихатында айтты.

Тұрғындарға  дер кезінде көмек берілмеуінің бір себебі де осы, жедел жәрдем көліктерінің жетіспеуінен деді бас дәрігер. Сондықтан бұл мәселені тездетіп шешудің жолдары қаралып жатқанын айтты.

Алғашқысы, жуырда өз елімізде құрастырылған 807 жедел жәрдем көлігі қолданысқа беріледі. Ал екіншісі, автопарк сынды коммерциялық мекемелердің көліктері жұмылдырылып, шет елдердегідей Қазақстанда да науқастарға жәрдем беруде «Корона такси» қызметі пайдаланылуы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button