Басты

Қазақстан құрамасының 15 балуаны коронавирус жұқтырды

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Алматы облысындағы «Ақбұлақ» Олимпиадалық орталығында өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиындарын мерзімінен бұрын тоқтатты, деп жазды Prosports.kz. Ақпарат көзінің мәліметіне сүйенсек, команданың 15 мүшесінен коронавирус инфекциясының белгілері анықталған. Бұл спортшылар оқу-жаттығу жиыны өткізілген базада оқшауланған. Спортшылардың аты аталмағанымен, олардан коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі табылғаны айтылады.

Сонымен қатар коронавирусқа тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткен спортшылардың базадан кетіп, үйлеріне қайтуына рұқсат етілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button