Әлем
Еуроодақ жыл соңына дейін Украинаға 1 миллионнан астам снаряд береді
Еуроодақ жыл соңына дейін Украинаға миллионнан астам артиллериялық снарядтар жібереді. Бұл туралы еуропалық дипломатия басшысы Жозеп Боррель Киевке сапарының екінші күні мәлімдеді.
Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулебаның айтуынша, УҚК-і үшін «басты мақсат – снаряд тапшылығының, снарядтық аштыққа айналмауы».
Брюссельде НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинадағы соғыстың ауқымды салдары бар екенін атап өтті.
«Бүгін одақтастар Украинаны қолдайтындықтарын тағы да мәлімдеді. Бұл қайырымдылық емес, бұл өзіміздің қауіпсіздігіміздің мүддесі. Ресейдің жеңісі бізді әлсіретіп, тек Мәскеуге ғана емес, сондай-ақ Қытайға, Иран мен Солтүстік Кореяға да күш береді. Бұл Еуропаның қауіпсіздігі үшін маңызды және Американың қауіпсіздігі үшін де маңызды»