ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте Семей қаласындағы ірі сауда орталығында («Корпорация Ақшың» ЖШС) болған өрттің салдарын жою мәселелері қаралды, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Қабылданған шаралар туралы Абай облысының әкімі, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Ұлттық экономика министрліктерінің басшылары баяндама жасады.
Кеңес барысында 6 ақпандағы сағат 20:55-тегі жағдай бойынша өрт ауыздықталғаны айтылды, оның алаңы 6,9 мың шаршы метрді құраған – ғимараттың 87,5%-ы. Оқиға орны қоршалып, күндізгі және түнгі патрульдер ұйымдастырылды.
Абай облысы ТЖД полиция және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері тергеуді бастады.
Роман Скляр өрт себептерін және келтірілген залалдың көлемін анықтауды, сондай-ақ өрттің салдарын жою бойынша қажетті шаралардың барлығын қабылдауды тапсырды.
Бұл жағдай – Үкіметтің тұрақты бақылауында.