Үкімет басшысының орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов республикалық бюджетті сәуір айының ортасында нақтылау жобасын дайындауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Теңге бағамына байланысты бірқатар шығыстар индексацияланады. Бұл мемлекеттің борышының қызметін көрсету, кепілдендірілген тегін медициналық көмек, шетелде Қазақстан азаматтарын емдеу, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыту және басқа да шығыстар. Сонымен бірге бюджет теңгерімділігін қамтамасыз ету шеңберінде тағы бір бағыт – ол квазимемлекеттік компанияларының дивидендтік саясатын қайта қарау», – деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.
Үкімет басшысының орынбасары өз сөзінде айтылған барлық шараны жүзеге асыру үшін республикалық бюджетті сәуір айының ортасында нақтылау жобасын дайындау ұсынылады.
«Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттердің шығыстарын оңтайландыру үшін осындай жұмыстарды жүргізуі қажет», – деді ол.