EducationTech

Отандық ЖОО-дағы Жасанды интеллектті дамыту жобасы әлем сарапшыларының назарына ұсынылды

ҚР Ғылым және жоғары білім Вице-министрі Динара Щеглова Түркияның Стамбул қаласында өткен Google AI Academy Istanbul: Bold and Responsible саммитіне қатысты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Саммитке әлемдік сарапшылар мен Орталық Азия мен Түркия елдерінің мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты. Жасанды интеллектті пайдалана отырып, білім беруді цифрлық трансформациялау бағыттары мен осы саладағы ағымдағы мәселелер қаралды.

Динара Щеглова өз сөзінде Министрліктің негізгі бағыты ЖИ саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл міндет университеттер мен зерттеу орталықтарында жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен енгізуді, сондай-ақ оқытушылар мен зерттеушілердің қосымша оқуы мен біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді. Бұл бағыттағы жұмысты Назарбаев Университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті деректерді талдау, машиналық оқыту, робототехника және т.б. бағдарламалар негізінде жүзеге асырды.

Келесі міндет-нейрондық желілерге негізделген ұлттық тілдің моделін құру және енгізу жобасын жүзеге асырады. Нақты айтқанда ЖИ-ге жүктелген үлкен деректер массивтері негізінде қазақ тіліндегі мәтінді оқи алатын, аударатын қабілетке ие.

Сондай-ақ, Министрлік ЖИ дамыту шеңберінде Google, Coursera, Huawei, Amazon және Nvidia сияқты халықаралық компаниялармен бірлескен зерттеулер жүргізу және жаңа технологияларды әзірлеу бойынша өзара ынтымақтастық жасамақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button