Eco

Ірі кәсіпорындар шығарындылар лимитінің төмендегендетті

Бүгін ҚР Үкіметінің кезекті отырысында негізгі экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі іс-шараларды іске асыру туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев баяндады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Ол жалпы өткен жылдың қорытындысы бойынша кейбір ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша шығарындылар лимитінің төмендеуіне қол жеткізілгенін атап өтті (мысалы: «НКОК» – 34%-ға, «АрселорМиттал Теміртау» – 16%-ға, «Астана энергиясы» АҚ – 22%-ға, «Kazakhmys Smelting» ЖШС -18%-ға).

Мұндай нәтижелерге қол жеткізуге инспекциялық қызметтің экологиялық заңнаманың сақталуын бақылауды күшейтуі де ықпал етті. Осылайша, 2023 жылы кәсіпорындарға 652 тексеру жүргізілді, олар бойынша 1679 бұзушылық анықталып, оларды жою туралы 628 ұйғарым берілді. Ал сот тәртібімен 31 кәсіпорынның қызметі тоқтатылды.

Сонымен қатар, экологиялық ахуалды жақсарту үшін ірі кәсіпорындар жыл сайын табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарларын әзірлейді және өндірістік объектілерді реконструкциялауды жүргізеді.

Бұдан басқа, Министрлік өңірлердегі экологиялық проблемаларды шешуге көп көңіл бөледі, бұл ретте жұртшылықтың, жергілікті халықтың және экоактивистердің пікірі міндетті түрде ескеріледі.

Сондай-ақ, 1-санаттағы аса ірі кәсіпорындардың өнеркәсіптік шығарындыларын бақылау мақсатында автоматтандырылған мониторинг жүйесін (АСМ) орнату бойынша жұмыс жүргізілуде.

АСМ енгізу табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға әсерін онлайн режимде бақылауға және кәсіпорын тарапынан профилактикалық сипатта да, сондай-ақ мемлекеттік бақылау тарапынан шаралар қабылдауға да жедел ден қоюға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Е.Нысанбаев.

Айта кету керек, АСМ кәсіпорындарының барлық деректері «Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі» ақпараттық жүйесінде жиналатын болады.

Өз баяндамасының соңында Министр кәсіпорындарда ЕҚТ (ең үздік қолжетімді технологиялар) енгізу және өндіріс салалары бойынша қажетті анықтамалықтарды әзірлеу мәселелерін қозғады.

ЕҚТ-ны жаңғырту және енгізу қоршаған ортаның жай-күйін және халықтың денсаулығын жақсартуға ықпал ететін болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button