ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Біріккен араб әмірліктерінің Экономика министрі Сұлтан Бин Сайид Әл Мансуримен кездесті. Бұл туралы министрліктің Facebook-парақшасында хабарланды.
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен араб әмірліктеріне сапары шеңберінде осы елдің Экономика министрі Сұлтан Бин Сайид Әл Мансуримен келіссөздер жүргіздім. Біздің елдеріміздің сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту мәселесін талқыладық. Екі елдің тауар айналымы айтарлықтай өсті. Жалпы 2019 жылдың 11 айында әмірлікке қазақстандық экспорт 418 млн доллардан асты. Дегенмен бұл аз, осы орайда қазақстан БАӘ нарығында талап етілетін $233,2 млн. сомасына 40 әлеуетті өңделген тауарлардың тізбесін ұсынды»,-делінген хабарламада.
Сонымен қатар онда өткен жылы әмірлікке Қазақстан экспортының бестігіне қозы мен лақ етін (өсім 5 есе), металдан жасалған бұйымдарды (9 есе) жеткізу басым болғандығы айтылған.
«Біздің экспортымызды әртараптандыру бойынша ғана емес, жалпы өзара сауданы да кеңейтуге уағдаластық. Әл Мансури мырза қазақстандық өндірушілер үшін Халал сертификациясын алуды жеделдетуде оның еліне қолдау көрсетуді ұсынды (қазіргі уақытта ҚР сауда министрлігі сертификаттау Халал орталығын құру, Халал инфрақұрылымын құру және ҚР-да тіркеу жөніндегі органды заңнамалық деңгейде құру мәселесін пысықтауда). Мұсылман елдерінің нарығында Қазақстанның ет өнімдердің танымалдығы артып келе жатқанын ескерсек, бұл өзекті мәселе. Министр тағы бір қызықты ұсыныс – екі ел арасында карго тасымалын кеңейту және шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия-Орталық Азия-БАӘ-Африка-Оңтүстік Америка дәлізін құру жобасын бірлесіп пысықтау туралы ұсыныс айтты. Бұл тауарларды тұтынушыларға жылдам жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,-делінген хабарламада.