PoliticsБасты

Қазақстандық ғалымдар Беркли университетімен ғылыми ынтымақтастық орнатты

Бұл университет инфрақұрылым мен көлікті қоса алғанда, әртүрлі салалардағы зерттеулер мен инновациялар шоғырланған әлемдік орталық саналады

Мемлекеттік тапсырма шеңберінде тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары Калифорниядағы Беркли университетімен стратегиялық маңызды ынтымақтастық орнатты, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, университеттің зияткерлік инфрақұрылым орталығының директоры, профессор Шахзод Тахировпен бірлескен жұмыс туралы келісімге қол қойылды.

Бүгінде PhD докторы Ш.Тахиров сенсорлық қондырғыларды зерттеу мен жол инфрақұрылымына енгізуге бағытталған технологияларды әзірлеп жатыр. Халықаралық деңгейдегі жолшылардың пікірлеріне сүйенсек, бұл технология ақауларды алдын-ала болжауға және анықтауға мүмкіндік береді, сонымен бірге автожолдарды күтіп ұстау мен пайдаланудың тиімділігін арттыруға көмектеседі.

«Осы ынтымақтастықтың нәтижесінде еліміздің автомобиль жолдарына инновациялық технологияларды енгізуге болады. Бұл көлік инфрақұрылымын дамытуға және оның сенімді түрде пайдалануға ықпал етеді. Қол қойылған келісімдер автомобиль жолдарын мониторингілеу және оларға қызмет көрсету, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамыту, жол құрылыстарының қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету саласындағы жақсы көрсеткіштерге ықпал етуі мүмкін», деп атап өтті ҚазжолҒЗИ вице-президенті Ерік Әмірбаев.

Сонымен қатар қазақстандық жолшылар АҚШ-қа жұмыс сапары барысында Sensor Fusion and Monitoring Technologies компаниясына барды. Отандық мамандар жол құрылымдарын мониторингтеу және тестілеу саласындағы озық технологиялармен танысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button