Business

Микро және шағын бизнеске қандай қолдау көрсетіледі?

Микро және шағын кәсіпкерлік әлемдік экономикада маңызды рөл атқарады. БҰҰ мәліметінше, ШОБ барлық кәсіпорындардың 90%-ын құрайды, жұмыс орындарының 60%–70%-ын қамтамасыз етеді және бүкіл әлем бойынша ішкі жалпы өнімге (ІЖӨ) шамамен 50% үлес қосады, деп мәлімдейді ranking.kz сайты.

Шағын кәсіпорындар қоғамның іргетасы және өмір сүрудің маңызды көзі, оның ішінде табысы аз адамдар, әйелдер, жастар және халықтың осал топтары, сондай-ақ БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары үшін де аса маңызды. Оларды дамыту көптеген елдердің, соның ішінде Қазақстанның міндеттемесі.

ҚР-да осы жылғы күздегі көрсеткіш бойынша 353 мың шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалар (бір жылда 9,7%-ға көбейген), 1,4 млн жеке кәсіпкерлер (бірден жылына 29,9%-ға артқан) және 254,6 мың шаруа қожалықтары (жылына 12,5%-ға көбейген) жұмыс істейді. Жалпы, бұл өсім сектордағы оң серпінді көрсетеді.


БҰҰ атап өткендей, шағын компанияларға қажетті қолдау көрсетілсе, олардың экономиканы түрлендіруге, жаңа жұмыс орындарын құру және тең экономикалық өсуді қолдауға мүмкіндігі бар.

Қазақстанда шағын бизнесті қолдауға елеулі көңіл бөлінеді. Мысалы, сегментті несиелендіруде көрсеткіштер тұрақты өсуде. Мәселен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне банк секторының кредиттері биыл тамыз айына қарай 5,2 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш бір ай бұрынғыға қарағанда 0,6%-ға, жыл басындағыға қарағанда 9,1%-ға және бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 23,7%-ға артық. Бұл ҚР экономикасына берілген барлық кредиттердің 19,4%-ын және банк секторынан республика бизнесіне берілген барлық қарыздардың 44,2%-ын құрайды.

Сонымен қатар, жеке қаржы институттарының микро және шағын бизнесті қолдауға арналған өз бағдарламалары бар. Мысалы, Bereke Bank жаңа клиенттерге арналған күзгі науқанды өткізуде, оның аясында 3 айға банктік қызмет пакеттерін тегін қосуға болады.

Барлық пакеттерге шотты ашу және қызмет көрсету, Online Bank-ке қосылу, банк клиенттеіне шектеусіз төлемдер, ҚР басқа банктеріне тегін төлемдердің белгілі бір саны, толтыру, касса және банкоматтар арқылы шоттан ақша алу, корпоративтік карта, сертификаттар, шот бойынша үзінді көшірмелер және басқа қызметтер қамтылған. Сондай-ақ, түріне байланысты пакеттер көптеген қосымша функцияларды қамтиды. Атап айтқанда, валюталық аударымдар мен банктік кепілдіктерден бастап айырбастау операциялары мен валюталық бақылауға дейін бар. Акция аясында кәсіпкерлер 5 мыңнан 26 мың теңгеге дейін үнемдейді. Сонымен, B-Start пакетінде 5399 теңге, B-Activ пакетінде 12999 теңге, B-Activ pro пакетінде 26999 теңге үнемдеуге болады.

Акция бойынша үш тегін айды пайдаланғаннан кейін клиенттер пакетті барынша қолжетімді бағаға сатып ала алады: мысалы, Bereke Bank-тің бастапқы пакеті шеңберіндегі қызмет көрсету құны ай сайын 2 мың теңгеге де жетпейді.


Банктердің, даму институттарының және жалпы мемлекеттің қолдау шаралары өз әсерін тигізуде. Мәселен, шағын кәсіпкерліктің жалпы қосылған құны (ЖҚҚ) биыл бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 7,1 трлн теңгені құрады, бұл қазірдің өзінде ҚР ІЖӨ-нің 30%-ы.

2022 жылдың қорытындысы бойынша шағын кәсіпорындардың ЖҚҚ-сы 29,3 трлн теңгеге немесе Қазақстанның ІЖӨ-нің 28,2%-на жетті.

БҰҰ деректерін ескерсек, біздің елде бұл бағытта әлі де көп жұмыстар атқарылуы керек. Алайда, көрсеткіштердің тұрақты өсуі даму дұрыс бағытта екенін көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button