Басты
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Алматыдан 320 шақырым жерде жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҒМ Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.
ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы 27 маусымда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 09.17-де жер сілкінісін тіркеді. Зілзала ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 320 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.2. Магнитуда MPV 4.1. Тереңдігі 15 шақырым. Қанша баллға сезілгені туралы мәлімет жоқ.