Business

Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту тәсілдері қаралды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Үкіметтің экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі – бизнеспен сындарлы диалог орната отырып, қолайлы бизнес-климатты құру.

Елдегі бизнес-климатты жақсарту мақсатында кәсіпкерлікті дамыту бойынша бірқатар ұсыныс қаралды.

Атап айтқанда, бұл – бизнесті мемлекеттік органдардың банк операцияларын тоқтату және мүлікке иелік етуді шектеу түріндегі негізсіз араласуынан қорғау шаралары.

Сондай-ақ креативті экономика саласында жастар кәсіпкерлігін қолдау, ауылдық жерлердегі бизнестің кадрлық әлеуетін күшейту, салық жүктемесін азайту және т.б. тәсілдер қарастырылды.

Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау үшін субсидиялау жүйесін қайта қарау шаралары қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Ерұлан Жамаубаев Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ҰКП-пен бірлесіп, кәсіпкерлікті дамыту шараларын іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button