SocialБасты

Астана тұрғындары арасында «Ана тілің — арың бұл!» интеллектуалды ойыны өтті

Естеріңізге сала кетсек, елорда төрінде «Тіл – халық мұрасы» атты фестивалі өтіп жатыр. Бұл шара Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған.

Фестиваль аясында Астана бойынша бірқатар шаралар ұйымдастырылған. Атап өтсек:

  1. «Өлең – сөздің патшасы» поэзия кеші
  2. «Атаның сөзі – тәрбие көзі»
  3. «Ұлыларды – ұлықтау»
  4. «Ана тілің — арың бұл!»
  5. Фестиваль қорытындысы. Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай ұйымдастырылатын «Qazaqwa Quiz» интеллектуалды сайысы.

Аталмыш фестиваль аясында өтетін іс-шаралардың кезектісі – «Ана тілің — арың бұл!» интеллектуалды ойыны қала тұрғындары арасында 23 қыркүйек күні елорда көшелері, саябақтар мен сауда орталықтарында және басқа да қоғамдық орындарда өтті. Ойынға қатысушылар қазақ тілінде жазылуы, дұрыс айтылуы турасында, мақал-мәтел мен қанатты сөздердің мағынасы, жұмбақтардан, жаңылтпаштардан құралған тапсырмаларды орындаудан бақ сынасты. Жалпы өткен шараға 150-ден астам адам қатысты. Ойын жүргізушілерінің қойған сұрақтарына дұрыс жауап берген қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлықтар табысталды.

Басты мақсат – халықтың тілдік сауатын арттыру, мемлекеттік тілдің маңыздылығын ұқтырып, қолданыс аясының кеңейуін насихаттау.

Басқа жаңалықтар

Back to top button