TechБасты

Microsoft америкалық Tik Tok әлеуметтік желісінің сегментін сатып алуға дайын

Microsoft компаниясы АҚШ президенті Дональд Трамп елде танымал қосымшаны пайдалануға тыйым саламын деп қорқытқаннан кейін бірнеше күн өткен соң, TikTok әлеуметтік желісінің америкалық сегментін сатып алу туралы келіссөздерді жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz CNN агенттігіне сілтеме жасап.

Жексенбі күні Microsoft компаниясы өздерінің бас директоры Сатья Наделланың АҚШ президенті Трамппен қазіргі уақытта қытайлық ByteDance иелік ететін қосымшаны сатып алу жайлы талқылағанын хабарлады.

АҚШ-тың саяси топтары бірнеше апта бойы АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленістің ушығуына байланысты бұл қосымшаға алаңдаушылық білдірді. Көптеген адамдар аталған қосымша ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін деп санайды.

Өз мәлімдемесінде бұл қосымша толық қауіпсіздік сараптамасынан өткен жағдайда Microsoft компаниясы TikTok қосымшасын сатып алуға дайын екенін растады. Сондай-ақ келіссөздер барысында Microsoft АҚШ үкіметімен, оның ішінде Президентпен диалогты жалғастыруға ниетті екені мәлімдемеде айтылған.

Microsoft «кез-келген жағдайға» қарамастан, ByteDance-пен келіссөздерді 15 қыркүйектен кешіктірмей аяқтайтынын айтты.

Соңғы мәлімдемесінде ТикТок сервисінің өкілдері қосымшаның ұзақ мерзімді табысты болатынына сенімді екенін, пайдаланушылар саны 1 миллиардтан асатынын атап өтті. Компания қазірдің өзінде АҚШ-та шамамен 1000 адамды жалдайды. Бүкіл ел бойынша тағы 10 000 жұмыс орнын құруды жоспарлап отыр. Сервистің Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Лондон, Париж, Берлин, Сеул, Токио және әлемнің басқа да қалаларында өкілдіктері бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button