ӘлемБасты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен келіссөз жүргізді

Тәжікстан, Душанбе қаласы

Душанбе қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы дәстүрлі қонақжайлық көрсеткені және тәжік жерінде зор құрметпен қарсы алғаны үшін Эмомали Рахмонға алғыс айтты.

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективасын, сондай-ақ бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Кездесуде сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастыққа баса мән берілді.

Екі ел басшылары стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтуға өзара ниетті екенін растады.

Сонымен қатар президенттер өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button