FinanceБасты

Кей мемлекеттік қызметшілердің жалақысы өсті

Мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы жылына 20 пайыздан аса қосылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz

Сарапшылардың мәліметінше, осы жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласында жұмыс істейтін 494,4 мың адам болған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,9 пайызға көп.

Аймақтарға бөліп қарағанда Алматы облысында осы салада жұмыс істейтіндер көп болып шықты – 74,3 мың адам, өткен жылмен салыстырғанда 4,7 есе көп. Сондай-ақ үздік үштікте ШҚО мен Нұр-Сұлтан қаласы бар, сәйкесінше 46,1 мың адам және 41,8 мың адам аталған салада еңбек етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button