SocialБасты

Қазақстанда зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға кімнің құқығы бар

Елімізде зейнетақы қорында жинақталған қаражатты белгілі бір жағдайларда ерте алуға болады.Бұл мүмкіндікті кім пайдалана алатыны туралы  KAZ.NUR.KZ  материалынан толығырақ оқыңыз.

Зейнетке ерте шығуға мүмкіндік беретін зейнеткерлік аннуитеттен бөлек, БЖЗҚ-дан талап етілетін жасқа дейін жиналған қаражатты ала алатын белгілі бір топтағы адамдар бар. Бұл туралы ақпарат БЖЗҚ сайтында жарияланды.

Зейнетақы төлемдерін мерзімінен бұрын кім ала алады

Белгіленген кесте бойынша БЖЗҚ-дан зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар зейнетақы төлемдерін алуға құқылы:

ерлер – 63 жастан бастап;

әйелдер – 61 жастан 2028 жылға дейін.

Бірақ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңындағы (31-32-баптарда) көрсетілгендей, егер мүгедектік мерзімсіз белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың зейнетақы жарнасын ерте алу құқығы бар.

Яғни, олар жалпы белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін зейнетақы төлемдерін алуға құқылы. Бар болғаны өтініш берсеңіз болғаны.

Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жәрдемақы төленуі тиіс.

Зейнетақы төлемдерді алу үшін қалай өтініш беруге болады

БЗЖҚ мәліметінше, салымшыға (алушыға) өзінің мәртебесін растайтын құжаттарды көрсетудің қажеті жоқ. БЖЗҚ салымшының (алушының) Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес берілетін келісімімен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» ақпараттық жүйесінен мәліметтерді веб-сервис арқылы сұрау жолымен мүгедектіктің (тобы, белгіленген мерзімі) болуын дербес тексереді.

Салымшы тек зейнетақы төлемін алуға өтініш берсе жеткілікті. Өтінішті enpf.kz сайты арқылы, пошта арқылы берсе болады немесе БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзі немесе сенім білдірген тұлға жүгіну қажет. «Мүгедектік мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін БЖЗҚ-да барып қызмет көрсету ұйымдастырылғанын еске саламыз. Бұл ретте алдын-ала кеңес беру, оның ішінде қызметтерді қашықтықтан, қор кеңсесіне бармай-ақ алу мүмкіндігіне тексеру жүзеге асырылады», – делінген қор хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button