Басты

Антикор полиция генерал-майорына қатысты тергеуді аяқтады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полиция генерал-майоры Б.С. Биляловқа қатысты тергеуді аяқтады, ол 2021 жылы қылмыстық істі тоқтату мәселесін шешу сылтауымен 40 млн теңгені алдау жолымен иемденді, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта іс айыптау актісін бекіту үшін прокуратураға жіберілді.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп есептеледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button