Жандарбек Бекшин Алматының бас санитар дәрігері лауазымын босатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі растады.
Алматы қаласының бас санитар дәрігері және ҚР ДСМ КСК Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин зейнетке шығуына байланысты 5 қаңтардан бастап қызметінен кетеді.
Еске салайық, Жандарбек Бекшин Алматының бас санитар дәрігері қызметіне 2020 жылдың сәуір айында тағайындалды.