FinanceБасты

Ұлттық банк өзгермелі ақша айырбастау бағамы режимінен бас тартпайды

Ұлттық Банк өз тарапынан қажетті көлемде қолдау көрсетуді жалғастыра беретін болады.

Ұлттық банк ақша-кредит саясаты саласында ұстанған өзгермелі еркін ақша айырбастау бағамы режимін әрі қарай ұстана береді. Бұл туралы Ұлттық банктің басшысы Ерболат Досаев үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

«Президенттің тапсырмасына сәйкес, ашықтық пен қолданыстағы саясатқа деген сенімді арттыру мақсатында Ұлттық банк аударылған трансферттер көлемін және Ұлттық қордан алынып, валюта нарығында конвертацияланған активтер туралы мәліметтерді жүйелі түрде жариялап отырады. Валюта нарығындағы тұрақсыздық мәселесін шешу үшін 2019 жылдың нәтижелері мен даму қарқынын ескере отырып, экспортты және импортты алмастыруды одан әрі әртараптандыру бойынша Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың және «Атамекен» ҰКП-нің бірлескен тиімді жұмысы маңызды болып табылады. Елбасымен бастамасымен қолға алынған «қарапайым заттар экономикасы» және «7-20-25″ бағдарламаларын іске асыру жұмыстарын жандандыру қажет», – деді Досаев. 

Ұлттық Банк өз тарапынан қажетті көлемде қолдау көрсетуді жалғастыра беретін болады.

– Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын сапалы дамыту, оның өтімділігін арттыру, сыртқы инвесторлардан сұранысын арттыру үшін дамушы елдердің халықаралық индекстеріне қазақстандық мемлекеттік бағалы қағаздарды енгізу бойынша жұмыстар өз жалғастығын табады. Ұлттық Банк 1 жылға дейінгі қысқа мерзімді ноталардың шығарылуын, ал Қаржы министрлігі – орта және ұзақ мерзімді облигацияларды ұсынуды қамтамасыз етеді. Бұл пайыздық мөлшерлемеге бағыт-бағдар беретін табыстың объективті бір қырындағы өсімін құруға мүмкіндік береді. Қаржы министрлігіне портфельдік инвесторларды кеңінен тарту үшін 2 жылдан 5 жылдық мерзімді облигациялардың үлесін арттыру ұсынылуда, – деді ол. 

Инвестициялық капиталды тарту ауанын жақсарту мақсатында Ұлттық банк Қаржылық реттеу агенттігімен бірлесіп өндірістік қаржы құралдарын дамыту жөніндегі жұмыстарды жандандырып жатыр.

2020 жылға қарай Қаржы министрлігі 2 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге 435 млрд теңге және 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге 1234 млрд теңгенің құнды қағаздарын шығаруды жоспарлап отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button