Басты

Шетелде жүрген ҚР азаматтары ПТР анықтамасыз елімізге ұшып келе алады

ҚР аумағында коронавирус инфекциянсының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап халықаралық әуе тасымалын жүзеге асыратын әуе компанияларына ПТР-тестінің нәтижелері туралы анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бұл талап тек шетелдік азаматтарға қатысты, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Шетелде жүрген ҚР азаматтарының әуе рейстерімен ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтамасынсыз отанына оралуға құқығы бар.

Мұндай жағдайда ҚР-ға келгеннен кейін қазақстандықтар ПТР-тестілеу нәтижесін алғанға дейін карантинге орналастырылатын болады.

ҚР өңірлері арасындағы ішкі әуе рейстерінің ұшағына отырғызу кезінде ПТР-тест нәтижесі туралы анықтама талап етілмейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button