Әлем

Қазақстан Еуразиялық өнеркәсіптік кооперацияның орталығы болғаны қаншалықты тиімді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында Қазақстан Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация аясында қай салаларды дамыту тиімді екенің атап өтті.

«Қазіргі геосаяси жағдайда Қазақстан өзінің географиясы мен мүмкіндіктерін ескере отырып, Еуразиялық өнеркәсіптік кооперацияны дамыту орталығы ретінде әрекет етуге дайын. Бұл электромобильдер, магистральдық локомотивтер, вагондар, ауылшаруашылық және жеңіл техникалар, құрылыс материалдары мен химиялық өнімдер шығаратын бірлескен кәсіпорындар болуы мүмкін»,-деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстан интеграция аясында қара және түсті металлдардың кен орындарын игеру және дайын өнімді одан әрі өңдеу, өндіру бағытында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екенін атап өтті.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button