Американың Forbes қаржы-экономикалық журналы 2021 жылдың ең көп жалақы алатын футболшыларының тізімін жариялады.
Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси кейінгі үш жылда алғаш рет ең көп жалақы алатын футболшы атанбады. Forbes рейтингінде оны португалдық шабуылшы Криштиану Роналду басып озды.
«Манчестер Юнайтед» футбол клубына «Ювентус» клубынан ауысқан Криштиану Роналду бір жыл ішінде салықтан тыс 125 миллион доллар табыс тапқан. Сонымен бірге, ол «Манчестер Юнайтедке» ауысқаны үшін клубтан 70 миллион доллар жалақы мен үстемеақы алды. Ал, қалған соманы серіктестік бағдарламалар мен Nike, Herbalife, Clear және өзінің кәсібі – әтір, іш киім, көзілдірік және басқа да тауарларды сату арқылы тапты.
Кейінгі үш жылда алғаш рет «Пари Сен-Жермен» (ПСЖ) футболшысы Лионель Месси екінші орынды иеленді. Forbes нұсқасы бойынша, ол бір жылда 110 миллион доллар табыс тапқан. Оның 75 миллион доллары жалақысы. Футболшы француз клубына ауысқаны үшін алған сыйлықтың бір бөлігі оған криптовалютамен төленген. Аргентиналық шабуылшы қалған табысын Adidas, Pepsi, Jacobs & Co және Budweiser сағаттарымен 35 миллион долларлық жарнамалық келісім жасаған.
Ең көп жалақы алатын ТОП-10 футболшы:
1. Роналду – 125 млн доллар;
2. Месси – 110 млн;
3. Неймар – 95 млн;
4. Килиан Мбаппе 43 млн;
5. Мохаммед Салах – 41 млн;
6. Роберт Левандовски – 35 млн;
7. Андрес Иньеста – 35 млн;
8. Пол Погба – 34 млн;
9. Гарет Бэйл – 32 млн;
10. Эден Азар – 29 млн.
Бұған дейін UFC жекпе-жег шебері Конор Макгрегор Forbes журналы бойынша ең көп жалақы алатын спортшылардың тізімін бастаған болатын.