Finance

Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерді мемлекет меншігіне қайтаруға арналған жаңа заң жобасы құрылады

Мәжіліс депутаттары заңсыз шығарылған активтерді мемлекет меншігіне қайтаруды көздейтін заң жобасын қарауға кірісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Парламент мәжілісінде «Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң жобасына түзетулер енгізу қолға алынды. Депутат Магеррам Магеррамов негізгі заң жобасы активтерді анықтау және қайтару үшін қажетті заңнамалық негіздер мен жаңа құралдардың болмауына байланысты оның тетіктерін айқындауға бағытталғанын айтты.

«Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң жобасын әзірлеудің негізгі мақсаты – заңсыз сатып алынған және шығарылған активтердің сақталуын, басқарылуын, өткізілуін және мемлекетке қайтарылуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдаумен, қамтамасыз ету шараларын қолданумен, шығу тегін растаумен, іздестірумен (ашумен) байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу», – дейді ол.

Депутаттың айтуынша, ілеспе заң жобалары негізгі заң жобасының ережелерін жүзеге асыру үшін әзірленген әрі қолданыстағы заңнамаға бірқатар түзету енгізуді көздейді. Депутат Магеррам Магеррамов «Прокуратура туралы» конституциялық заңға, Азаматтық, Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Салық, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстеріне және басқа да заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар қарастырылатынын атап өтті. Жалпы саны 11 кодекс және 13 заңға түзутулер енгізілетінін айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button