EconomyБасты

Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы артуда – Е. Жамаубаев

Осы күндері (15-17 мамыр аралығында) Алматыда инфрақұрылымдық және ESG-жобаларының ірі инвесторларының конференциясы, сондай-ақ Азия және Тынық мұхиты аймағын дамыту институттары қауымдастығы (ADFIAP) қатысушыларының 46-шы кездесуі өтуде. Шара ашылуында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев құттықтау сөзін сөйледі, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Вице-премьер елдің инвестициялық тартымдылығын арттырудың және республика экономикасының өсуі үшін шетелдік инвестицияларды тартудың ерекше маңызын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан халықаралық деңгейде өзара тиімді экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты белсенді түрде қолдайды.

Конференцияға 40 елден келген 240-тан астам делегат пен қонақ қатысып жатыр. Олардың қатарында Оңтүстік-Шығыс Азия, Еуропалық одақ, Латын Америкасы, Африка және Таяу Шығыстан, Жаңа Зеландия, Канада, Түркия, Жапония, Қытай, Үндістан, Сауд Арабиясы, Ұлыбритания және АҚШ-тан келген қонақтар, сондай-ақ БҰҰ құрылымдарын қоса алғанда, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда. Шара ұйымдастырушысы – Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ).

Басқа жаңалықтар

Back to top button