EconomyБасты

Елімізде қант бағасы неліктен қымбаттады

Жыл басынан бері екі ай ішінде қант құнының өсуі 3,5% құрады (өткен жылдың ұқсас кезеңінде бағаның 3,5%-ке төмендеуі байқалды). 

Қант Шымкент қаласында 14,7%, Қарағандыда 11,1%, Ақтауда 10%, Талдықорғанда 5,1%, Таразда 4,6%, Орал мен Павлодарда 4%, Жезқазғанда 3,6% қымбаттады. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2 көтерме жеткізушіге бағаларды төмендету туралы хабарлама жіберілген. Хабарлама бір ай мерзімде орындалмаған жағдайда монополияға қарсы орган Кәсіпкерлік кодекске сәйкес тергеп-тексеруге бастамашылық жасайды.

Сонымен бірге бағаның күрт өсуіне бірқатар фактор әсер етті. Бұл ішкі нарықты 60% қамтамасыз ететін ресейлік және белорустық өндірушілердің өнімдерді жеткізушілер бағаларының өсуі.

Қазіргі кезде Ақсу және Меркі қант зауыттары (Алматы және Жамбыл облысы) маусымның аяқталуына байланысты өз өндірісін уақытша тоқтатты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button