Басты
20 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда автобустар жүрмейді
Нұр-Сұлтанда 20 қыркүйек, жексенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
Бұл жайында қалалық әкімдіктің Instagram парақшасында хабарланды.
«Жексенбі күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Ал сенбі күні қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді» дейді әкімдіктен.
Айта кетейік, 21 қыркүйек – дүйсенбіден бастап қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар жолға шығады.