AgroБасты

Түркістан облысында астық ору науқаны басталды

Алғаш болып өңірде Қазыұрт ауданындағы «Тілеуберді» шаруа қожалығының егініне орақ тиді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Шаруашылық жиырма жылдан бері егін шаруашылығымен айналысады. Мұнда 1500 гектар жерге бидай, арпа, мақсары және жоңышқа дақылдары егілген. Шаруалар бітік шыққан егінді жауын-шашынға ұрындырмай қамбаға құйып алу үшін жанталасуда.

Қазір алқап басында 7 комбайн мен 15 жұмысшы тынымсыз еңбек етуде. Былтыр шаруашылық алқаптың әр гектарынан 20 центнер астық жинаса, биыл одан жоғары өнім алу жоспарлап отыр.

«Биыл жауын-шашын көп, мол егін жинауға мүмкіндік бар», – деді шаруашылық басшысы.

Еңбекқор диқан қырман басындағы бидайды тазалау үшін қосымша ауыл тұрғындарын жұмысқа тартуда. Жалпы, Қазығұрттық шаруалар биыл 44 мың 221 гектарға егін еккен.

Саян Батырбаев, шаруашылық жетекшісі:

– Бұл біздің шаруашылықтың ең жақсы егістерінің бірі. Жалпы бұл жерден 25-30 центнердің аралығында өнім береді деп күтіп отырмыз. Жылдан-жылға техниканы жаңалап жатырмыз. Осы жылға Жундир тракторын алдық. Шведцарияның тұқым сепкішін алдық. Техниканың бәрі жетеді.

Нұрбек Бадырақов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

– Бүгінгі таңда облыста өнім жинау науқаны басталды. 230 мың гектарға егілген масақты дақылдардың әр гектарынан 21 центнерден 478 мың тонна дән қамбаға құйылады деп жоспарлануда. Одан бөлек азық-түлік белдеуінде іске асып жатқан жаңбырлатып суару технологиясымен егілген күздік бидайды орылып жатыр. Орташа өнімділік 60 центнерді құрап отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button