Agro

Тыйым алынды: АШМ пияз экспортына квота енгізеді

Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен биылғы жылдың 8 сәуірінде Қазақстан аумағынан пиязды әкетуге салынған тыйым алынды.

Бұл ретте, осы жылдың 8 сәуірінен 28 сәуіріне дейін бұйрықпен республика аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдері мен мемлекеттеріне 20 000 тонна мөлшерінде пиязды (ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0703: 070310) әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізілді, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Квотаның бүкіл қолданылу мерзімі кезінде тауарларды әкетуге бір өтініш беруші үшін рұқсат етілген лимит белгіленеді, ол жиынтығында 500 тоннадан аспайды.

Қазақстан аумағынан тауарларды әкетуге арналған квоталар көлемін бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес, фитосанитариялық сертификаттар беру кезінде БАБЖ АЖ-да автоматты түрде жүзеге асырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button