Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 10:00-де басталады.
Санитарлық нормаларды сақтау қажеттілігіне байланысты комиссия жұмысын Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтынан және Facebook парақшасынан онлайн көруге мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, «Хабар24» телеарнасы комиссия отырысынан тікелей қосылымдар ұсынатын болады.
Сондай-ақ, министрліктің баспасөз қызметі Telegram каналына Жер реформасы жөніндегі комиссияның қызметі туралы хабарламалар жариялайды.