Agro

Қазақстан мен Вьетнам күріш шаруашылығын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы келісті

Ханой қаласында Қазақстан мен Вьетнам арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі шағын комитетінің бірінші отырысы өтті. Қазақстандық делегацияны Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков бастап барды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Тараптар агроөнеркәсіптік сектордағы Қазақстан-Вьетнам өзара іс-қимылын дамыту перспективаларын талқылап, екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.

Атап айтқанда, Қазақстан мен Вьетнам ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге тез арада қол қоюға, сондай-ақ тауарлардың экспорты/импорты кезінде ветеринариялық және фитосанитариялық талаптармен және өндірілетін өнімнің қауіпсіздігін бақылау жүйелерімен алмасуға уағдаласты.

Ханойға сапары аясында қазақстандық делегация күріштің озық сорттарын өсіруге маманданған ірі Thai Binh Sua компаниясының бас кеңсесіне барды. Компанияның бас директоры Чан Ман Баомен кездесуде Қазақстан мен Вьетнамның ғылыми-зерттеу институттарының күріш пен жүгеріні өсіру, Қазақстанның климаттық аймағы жағдайында бұл дақылдардың инновациялық сорттарын тәжірибелік өсіру мәселелері бойынша кооперация мәселесі көтерілді.

Белгіленген ынтымақтастық аясында вьетнамдық компания топырақтың қасиеттері мен климаттық аймақты ескере отырып, Қызылорда облысының аумағында өсіруге жарамды күріштің 6 сортын берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button