Басты
Туристер үшін ең қауіпсіз елдер тізімі жарияланды
Вьетнам елі туристік маусым кезінде саяхаттауға ең қауіпсіз бағыт деп танылды. Британдық Independent газеті биыл туристерге баруға кеңес етілетін мемлекеттердің рейтингісін жасай келіп, осылай қорытындылады.
Себебі пандемия басталғалы 97 миллион халқы бар Вьетнамда 350 адам ғана вирус жұқтырған. Аурудан ешкім қайтыс болмаған. Азиялық мемлекеттен кейін саяхаттауға қауіпсіз мемлекет ретінде Грекия ұсынылады. Бұл мемлекет те індеттің таралуына тез тосқауыл қоя білген.
Қазір Грекияда коронавирусқа шалдыққандар саны 3 мыңнан ғана асады. Аталған екі елден кейін саяхаттауға ең қауіпсіз елдер қатарына Гонконг, Исландия, Жаңа Зеландия жатқызылған.