PoliticsБасты

ОСК жаңадан тағайындалған сенаторларды тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің Жарлығымен тағайындалған Сенат депутаттарын ресми тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орталық сайлау комиссиясы тіркеген сәттен бастап сіздер ҚР Сенаты депутаты ретіндегі өкілеттеріңіз басталды. Сіздер еліміздің заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы ҚР Парламенті депутаттары болдыңыздар. Сонымен қатар 19 наурызға тағайындалған кезектен тыс Мәжіліс және мәслихаттары депутаттары сайлауына байланысты жаңа құрам сайланғанға дейін сіздер Сенат депутаттары ретінде Конституциялық заңдарды қабылдау бойынша міндеттерді орындайсыздар. Сіздерге сәттілік тілеймін», – деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Сондай-ақ, ресми тіркелген Сенат депутаттарына куәлік пен төлбелгі табысталды.

Айта кетсек, кеше Мемлекет басшысы Сенаттың 13 депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан еді.

19 наурызда өтетін сайлау барысында сегізінші мәрте жасақталатын Парламент Мәжілісі құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 өкіл болмайтындығы, оларға тиесілі мандат саны 5-ке қысқарып Сенатқа берілгені белгілі.

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Парламенттің жоғары палатасында Ассамблея атынан өкілдік ететін депутаттар анықталды. Олар: Евгений Больгерт, Закиржан Кузиев, Нурия Ниязова, Алишер Сатвалдиев, Геннадий Шиповских.

Сондай-ақ Президент жарлығымен Мәулен Әшімбаев, Нұртөре Жүсіп, Ләззат Қалтаева, Асқар Шәкіров және бұрын еліміздің Жоғары сотына төрағалық еткен Жақып Асанов Президент Жарлығымен Сенат депутаты болып тағайындалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button