Қарағанды қаласында газ жарылысы кезінде екі адам зардап шекті
21 қаңтар күні сағат 18:51-де Қарағанды қаласы, Щорса көшесі, 37 мекенжайындағы 2 қабатты тұрғын үйде газ баллоны (көлемі 5 л) жанбай жарылып, одан кейін №6 пәтер (2-қабатта) мен жартылай №4, 5 (2 қабатта) және 3 пәтерде (1-қабатта) алдын ала алаңы 36 шаршы метр аумақта ағаш төбесі мен қалқалар опырылған. Салдарынан 1970 жылы туған ер адам мен 1971 жылы туған әйел адам дене жарақатын алып, күйік шалып Қарағанды қаласының облыстық медициналық орталығына жатқызылды. Оқиға орнына ТЖД күштері (36 қызметкер мен 8 техника) жұмылдырылған, деп хабарлайды ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Құтқарушылар құлау қаупі бар құрылыс бөлшектерін демонтаждау бойынша жұмыс жүргізді.
Қала әкімдігі подъезд тұрғындарына жатақханадағы орындарды ұсынды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Күнделікті өмірдегі газ қауіпсіздігінің негізгі ережелері:
– таразы қондырғысымен, өлшеудің нормативтік дәлдігін қамтамасыз ететін бақылау таразыларымен, артық толтырылған баллондардан газды ағызуға арналған ыдыспен (баллонмен) жабдықталған тұрмыстық баллондарды толтыруға арналған арнайы пункттерде ғана баллондарды құюды жүзеге асыру;
– баллонды суықтан жылуға енгізуге, жылу көздерінің жанына қоюға болмайды, өйткені күрт кеңейту болып, жарылысқа алып келуі мүмкін;
– баллонды ауыстырар алдында жаңа және пайдаланылған баллондардың крандары жабық екеніне көз жеткізіңіз. Ауыстырғаннан кейін қосылыстардың герметикалығын тексеріңіз (сабын ерітіндісін жағу арқылы));
– баллонды газ плитасымен қосу үшін арнайы (кездейсоқ емес) иілгіш резеңке шлангты қауіпсіздік қысқыштары арқылы бекітілген ұзын метрден аспайтын етіп пайдаланыңыз. Оның созылуына немесе қысылуына жол бермеңіз;
– газ құралдарын қосу ретін сақтаңыз: алдымен сіріңкені жағып, содан кейін газ беруді ашыңыз;
– тексерілмеген баллонды пайдалануға болмайды;
– газ иісінің шығып таралып кетуін болдырмау үшін тамақ дайындау барысында қайнаған сұйықтықтар тасып отты сөндірмеуін қадағалаңыз. Жанарғыларды үнемі тазалаңыз. Жұмыс аяқталғаннан кейін баллонның кранын жабуды ұмытпаңыз.
Үй-жайда газдың иісі пайда болған кезде газ беру кранын жабу, үй-жайды желдету үшін терезелер мен есіктерді дереу ашу, ашық отты пайдаланбау, электр және электр құралдарын қоспау, телефон сымын розеткадан шығару қажет.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда «101», «112»-телефон нөмірлері арқылы қоңырау шалыңыз!