EconomyБасты

Тауарларды сатып алу кезінде «ел ішіндегі құндылық» үлесі артып келеді

«Өнеркәсіптік саясат туралы» жаңа Заңды іске асыру шеңберінде QazIndustry тауарларды сатып алу кезінде «ел ішіндегі құндылықтарды» ынталандыру мен арттырудың жаңа құралдарын қолданады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мәселен, 2021 жылдың қорытындысы бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемі 19,3 трлн теңгені құраған, оның 56,1%-ы немесе 10,8 трлн теңге отандық өнім берушілерге тиесілі. «Ел ішіндегі құндылық» көрсеткішіне ұлттық компаниялар арасында отандық кәсіпорындардан сатып алудың жоғары мәні айтарлықтай әсер етті. Жалпы, өткен жылы тауарлардың сомасы 1,4 трлн теңгеге ұлғайды.

Реттелетін сатып алулар құрылымына жасалған талдау нәтижелері көрсеткендей, қазақстандық кәсіпорындардың сұранысқа ие тауарларды жеткізу бойынша әлеуеті жеткілікті. Осылайша, тауарларды сатып алу кезінде «ел ішіндегі құндылық» бойынша 60%-ға жуық жоғары мәні байқалады, бұл қазақстандық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігінің бірден-бір көрсеткіші болып табылады. Негізгі сатып алу үрдісін үш субъект жүргізеді, олардың үлесіне жалпы соманың 80%-дан астамы тиесілі.

Айта кетерлігі, өткен жылдың қорытындысы бойынша тауар сатып алу кезінде «ел ішіндегі құндылық» үлесі 2020 жылмен салыстырғанда 3,8 пайызған артқан.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда QazIndustry өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынады. Қосымша ақпаратты + 7 (7172) 793391, 793392 телефондары арқылы алуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button