EconomyБасты

Boeing Қазақстанның авиациялық билік орындарымен тығыз жұмыс жасауға ниетті

Қазақстанның авиациялық билік орындары мен Boeing басшылығы арасында қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне Boeing компаниясының арнайы мамандары келді.

Boeing делегациясы құрамына Қазақстанға Еуразия бойынша коммерциялық маркетинг және бизнесті дамыту жөніндегі өңірлік директоры Марио Антонио Эбким, Жүйелер қауіпсіздігі және реттеу мәселелері жөніндегі бағдарламаның аға менеджері Дейл Джонсон және Жаһандық қауіпсіздік және реттеу мәселелері бойынша бағдарламаның аға менеджері Генри Герберт кірді. Сапардың мақсаты – ұшу қауіпсіздігін қадағалау бойынша мемлекеттің мүмкіндіктерін жақсартуға одан әрі қолдау көрсету. 

Сапар аясында Boeing ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевпен кездесті. Шара барысында тараптар Boeing компаниясы өкілдерінің белсенді қатысуымен Қазақстанның коммерциялық авиация қызметкерлері үшін «Әуекомпанияларды жоспарлау жөніндегі семинар» арнайы оқыту бағдарламасын ұйымдастыру туралы уағдаласты. Сондай-ақ кездесуге Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду және авиациялық әкімшіліктің қызметкерлері қатысты.

Сапар ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерделеуге бағытталған, кейіннен Өзара түсіністік туралы меморандумға ресімделуі мүмкін. Boeing-тің консультативтік рөлін ескере отырып, ынтымақтастық салалары FAA ұшу қауіпсіздігін алдағы халықаралық бағалау (IASA) үшін Қазақстанның нормативтік-құқықтық базасын, Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей рейстердің іске қосылуына  қолдау көрсету және басқа да мәселелерді қамтуы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button