EcoБасты

Нұр-Сұлтанда «ECOJER» екінші халықаралық конгресі өтеді

Елордада 2 маусымда «ECOJER» екінші жыл сайынғы халықаралық конгресі өтеді. Диалог алаңы әлемге әйгілі тәжірибелі сарапшыларды, экоактивистерді, мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың, халықаралық ұйымдардың басшыларын және сала кәсіпқойларын жинайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Конгрестің ұйымдастырушылары мен серіктестері – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымы, БҰҰДБ, түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясы (TURKPA).

Іс-шара аясында келесі тақырыптар талқылауға шығарылады:

– Экологиялық реформа: индустриялық трансформацияның мүмкіндіктері;
– Су ресурстарын басқару жүйесін жаңғырту;
– Ұлттық экономиканы декарбонизациялау және тұрақты қаржыландыру құралдары;
– Turk PA-ға мүше елдердегі тұрақты даму саясатындағы гендерлік мүмкіндіктер;
– Баламалы энергия көздерінің жаңа нарығын қалыптастыру.
Конгресті өткізу кезінде гендерлік алшақтықты қысқарту бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумның акселераторына қосылудың салтанатты рәсімі өтеді.

«ECOJER» – ге қатысқысы келетіндер https://ecocongress.kz/ сайтына тіркелуі керек.

Іс-шара 2 маусымда Сауран, 46 мекен-жайы бойынша «Hilton» қонақ үйінде өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button