EconomyБасты

Сенат бизнес-климатты жақсарту мәселелері жөніндегі заң жобасын қабылдады

Парламент Сенатында «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасы бойынша қорытындыны оқыған Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Серік Жақсыбеков заңның мақсаты туралы айтып өтті.

Оның айтуынша, заң жобасымен Жер, Бюджет, Кәсіпкерлік және Азаматтық процестік кодекстеріне, сондай-ақ тағы бірнеше заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

«Заң жобасының міндеті – тауар нарықтарындағы бәсекелестік ортаның жай-күйін жақсарту, бірқатар көрсетілетін қызметтерді электронды форматқа көшіру, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын қысқарту, монополияға қарсы ден қою шараларының тиімділігін арттыру. Заң жобасы техникалық жағынан күрделі емес нысандар үшін кешенді сараптаманың, техникалық және авторлық қадағалауды жалдау міндеттемесінің күшін жоюды, тәуекелі төмен құрылыс нымандарын міндетті сараптамадан алып тастауды, меншік иелерінің келісімінсіз үшінші тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке ауыртпалық туралы ақпаратқа жария қолжетімділікті ашуды көздейді. Сондай-ақ, жылжымайтын мүлікке сатып алу-сату мәмілесіне өндірістік тіркеу туралы белгі қою міндеттілігінің күшін жоюды, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның әуежайдың аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге қолжетімділік қағидаларын бекітуді қарастырады», – деді ол.

Заң жобасын қабылдау арқылы «Doing Business» халықаралық рейтингі бағалайтын бизнес-ахуалды жақсарту көзделген. Сонымен бірге тауар нарықтарындағы бәсекелестік ортаның жай-күйін жақсарту, жарнама саласындағы жарнаманы жетілдіру, жекеше кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінің ашықтығын арттыру міндеті де бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button