PoliticsБасты

Жұмыс тобы инвестициялық жобалардың іске асырылуы бойынша мониторинг жүргізеді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев апта сайын қазақстандық және шетелдік инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын саралап, қадағалап отырады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

Бүгін ведомство басшысы металлургия саласы бойынша жұмыс тобының, атап айтқанда, қара және түсті металлургиядағы инвестициялық жобаларды егжей-тегжейлі зерделеді. Жиын барысында іске асырылып жатқан жобалардың қазіргі жағдайы, проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.

Айта кетерлігі, жасақталған жұмыс тобы инвестициялық жобалардың іске асырылуы бойынша мониторинг жүргізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button