SocialБасты

Жол құрылысы жұмыстарында пайдаланылатын битумдардың сапасы тексерілуде

Қазақстанда жол құрылысы жұмыстарында пайдаланылатын битумдардың сапасы тексерілуде. Жұмыстар ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің тапсырмасы бойынша орындалып жатыр.

Көзделген негізгі мақсат — құрылыс нысандарын, автомобиль жолдарын реконструкциялау мен жөндеу жұмыстарын сапалы битуммен қамтамасыз ету, сондай-ақ сапасыз өнімді пайдалану фактілерінің алдын алу.

Зерттеу жұмыстары ҚР СТ 1373-2013 талаптарына сәйкес жүргізіледі. Бүгінгі таңда ҚазжолҒЗИ зертханаларында «ПМХЗ» ЖШС және «Қазақбитум» ЖШС сынды өндірушілер жасап шығарған битумдардың 8 сынамасы бойынша зерттеу жүргізілді. Битумдар өндіруші зауыттардың талаптарына сәйкес зерделенді. Тексеру нәтижелері бойынша зауыттардың битумдары мәлімделген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетіні анықталды. Айта кетерлігі, битум сынамалары «өндіруші зауыттардан», сондай-ақ автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу объектілерінен алынған.

Сапасыз битумды пайдаланудың алдын алу мақсатында тауар сапасына жасалатын мониторинг жалғасатын болады. Мониторинг нәтижелері еліміздің түрлі жол-климаттық аймақтарында битумның әртүрлі маркаларын қолдану саласын белгілеу үшін пайдаланылады деп жоспарлануда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button