Елімізде 25 шілдеде ауа райы қандай болады
25 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы. Кей жерлерде жаңбыр жауады, солтүстік пен шығыстың кей аймақтарында күшті жел соғады. Еліміздің кейбір аудандарында күн күркіреп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батыста түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, – деп хабарлайды Jana-kezen.kz «Қазгидромет» РМК орталығына сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтанда дауылға байланысты ескерту жарияланды – күн күркіреп, қатты жаңбыр жауады, секундына 20 метрге дейін жылдамдықпен жел соғады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында кей жерлерде – дауыл, бұршақ жауады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Павлодар және Ақмола облыстарында екпіні секундына 23-25 метр, Қарағанды облысында секундына 23-28 метрге жететін жел соғады, түнде және таңертең Қостанай облысында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел екпіні 15-20 метрге, күндіз 25 метрге дейін жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Қызылорда облысында таңертең және күндіз кей жерлерде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, шаңды дауыл соғады.
Алматы облысында түнде кей жерлерде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Жамбыл облысында түнде және таңертең кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Алматы, Қызылорда, Атырау облыстарында, сондай-ақ Маңғыстау облысының оңтүстігінде аптап болады.
Атырау, Қызылорда, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Алматы облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.