EducationБасты

Биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталады

Барлық қазақстандық орта білім беру мекемесі оқу жылын 25 мамырда аяқтайды. Бұл туралы Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Еліміздің мектептерінде оқу жылын аяқтау және емтихандарды өткізу туралы бұйрыққа қол қойдым. Барлық қазақстандық орта білім беру мекемесі оқу жылын 25 мамырда аяқтайды. Жазғы мектеп 26 мамыр мен 17 маусым аралығында ұйымдастырылады. 9 және 11-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Мектеп оқушыларының каникулы 1 қыркүйекке дейін жалғасады», деп жазды министр өзінің Telegram-каналында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button