FinanceБасты

Биыл жалған ақша жасаудың 12 фактісі тіркелді

Осы жылдың 1 тоқсанында ҚМА аумақтық Экономикалық тергеп-тексеру департаменттерімен жалған ақша жасаудың 12 фактісі тіркелді.

Оның ішінде 7 жағдай Нұр-Сұлтан қаласында, Батыс Қазақстанда 2 және Маңғыстау облысында 2 жағдай, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тағы бір фактіден тіркелді.

Қабылданған шаралар жалған банкноттардың сатылуына жол бермеді. Олардың жалпы саны 67 мың АҚШ долларын құрайтын 1200 данадан асады.

Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласында жалған шетел валютасын сақтау және сатумен айналысқан тұлғалар ұсталды. Заңсыз айналымнан жалпы сомасы 55 700 АҚШ доллар, номиналы 50 АҚШ долларын құрайтын 1114 жалған банкнот тәркіленді. Тергеу нәтижесі сотқа жіберілді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды абай болуға және валютаны ауыстыру кезінде қолданыстағы заңнаманын нормаларына сәйкес тек екінші деңгейлі банктерге немесе ресми айырбастау пунктеріне жүгінуге шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button