Бүгін болашақ түлектің еңбек нарығында сұранысқа ие болуы өзекті мәселе. Бұл жерде еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, яғни кәсіптік стандарттар негізінде кадрлар даярлау жүйесін құру басымдыққа ие болады
Ағымдағы жылдың ақпан айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Білім және ғылым министрліктері өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандум аясында 2020 жылға бекітілген кәсіптік стандарттар негізінде білім беру және үлгілік оқу жоспарларын, бағдарламаларды әзірлеу және енгізу бойынша бірлескен Жол картасы бекітілді.
Бүгінгіде кәсіптік стандарттарда көрсетілген біліктіліктерге олардың білім деңгейіне сәйкес талдау жүргізілді. Ол 480 кәсіби стандарттардың яғни 833 мамандықты қамтитын (Қазақстандағы кәсіптердің жалпы санының үштен бірі) 329-ы – жоғары және Жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейіне жататынын көрсетті.
Бұдан басқа, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның жобалық кеңсесі Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығымен бірлесіп 2020 жылға арналған кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу кестесін қабылдады.
Сондай-ақ, жобалық кеңсе «Кәсіпқор» КЕАҚ-мен бірлесіп «2020 жылға арналған кәсіптік стандарттар негізінде Типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын өзектендіру және бекіту бойынша кесте» әзірленді.
Техникалық және кәсіптік білім беру саласында өзектендіру үшін 142 үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының тізбесі дайындалды, колледждер базасында 45 оқу-әдістемелік бірлестік анықталды. Кестеге сәйкес техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын өзектендіру ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін аяқталуы тиіс.