Басты

23 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік жұмысы уақытша тоқтатылады

Жексенбі күні, 23 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлік жұмысы уақытша тоқтатылады. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында автобустар мен автопарктарда ауқымды дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Сенбі күні (22 тамызда) қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді. Еске сала кетейік, жүргізушілер де соңғы аялдамаларда ылғалды тазалау жасайды.

Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Қоғамдық көлікке алдыңғы есік арқылы кіру керек. Жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді – карта, SMS, QR-код.

24 тамыздан бастап қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button