PoliticsБасты

Мемлекет басшысы бірқатар елдердегі Қазақстан елшілерін тағайындады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Словак, Хорватия, Молдова Республикаларындағы Төтенше және Өкілетті елшілерін тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;
Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Алмат Дәкібайұлы Айдарбеков Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button