ӘлемБасты

Қазақстан 2025 жылы Жапонияда өтетін EXPO көрмесіне қатысатын болды

«QazExpoCongress» ҰК» АҚ басшылығы EXPO 2025 Osaka ұйымдастыру комитетінің өкілдерімен кездесіп, Қазақстанның көрмеге қатысу шартына қол қойды.

Қазақстан тарапынан шартқа Ұлттық секцияның бас комиссары Дәулет Еркімбаев, Жапония тарапынан қауымдастықтың Бас хатшысы Хироюки Ишиге, EXPO 2025 Osaka Дүниежүзілік көрмесінің Бас комиссары Коджи Ханеда қол қойды.

«Жапонияда өтетін EXPO 2025 көрмесіне дайындықты бастап кеттік. Барлық ұйымдастырушылық сұрақтар мен «Өмірді құтқару» тақырыптық кластерінде орналасатын павильонымызды толық пысықтап жатырмыз. Көрменің басталуына екі жыл бар, бірақ іс жүзінде аз уақыт қалды. Көрме 2025 жылдың 13 сәуірінде ашылып, 13 қазанында аяқталады. Ұйымдастырушылардың болжамы бойынша, көрмеге әлемнің 150 елінен 28 миллионнан астам адам келуі тиіс, сондай-ақ 25 халықаралық ұйым өкілдері қатысады», – деп атап өтті Д. Еркімбаев.

«QazExpoCongress» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, EXPO 2025 көрмесі Осакадағы Юмешима жасанды аралында өтеді.

«Біздің өміріміз үшін болашақ қоғамын құру» көрмесі «Өмірді құтқару», «Құқық пен мүмкіндіктерді кеңейту» және «Өмірлерді біріктіру» тақырыпшаларынан құралған.

Көрменің жалпы ауданы – шамамен 155 гектар.

Қазақстан павильоны Италия, Нидерланд, Сингапур және Болгария павильондарымен көршілес орналасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button